2024-04-29 20:26:58
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үздік офицерлердің аналары марапатталды

Шымкент қалалық полиция департаментінде де Республика күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шара департамент басшылығы, жеке құрам қызметкерлері, полицейлердің аналары мен №4 балалар үйі басшысының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында қызметте ерекше көзге түскен 70-тен астам полицейдің анасы «Үздік офицердің анасы» медалімен марапатталды.

Департамент бастығының атынан барлығы 73 анаға «Үздік офицердің анасы» медалі тағайындалып, 10 полицейдің анасына  генерал Қайрат Дәлбеков марапатты өз қолымен табыстады. Оның ішінде, №4 балалар үйінің директоры Нұрсәуле Тастыбаева бар. Қамқорлығындағы 3 тәрбиеленуші ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің курсанттары болып табылады.

Сондай-ақ, полиция лейтенанты Ақжан Алтынбек, полиция аға лейтенанты Ерлан Жанысбаев, полиция капитандары Батыйхан Пернебай мен Еламан Абдуалиев есімді батыр полицейлердің анасы, әлемдік полиция ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары полиция майоры Ғалымжан Катбаев пен полиция капитаны Дамир Ташанов сынды спортшы-полицейлердің аналарына арнайы медаль табысталды.

«Араға 13 жыл уақыт салып бейбіт күнде сіздермен бірге Республика күнін атап өту бақыты бұйырыпты. Ендеше осы сәтті пайдалана отырып, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан аңыз адам, милиция генерал-майоры Құлахмет Қалменовтің еңбегі жайында айта кеткен жөн. Ол ең қиын шақтарда оңтүстікте 12 жыл табандылықпен  басшылық етті. Қазіргі таңда, қатарымызда аталған нар тұлғаның ізімен келе жатқан қырағы полицейлеріміз жетерлік. Біз олармен әрқашан мақтанамыз. Сонымен қатар, біздің жұмысымыздағы әрбір жетістіктің артында департаменттің жеке құрам қызметкерлерінің үлкен еңбегі жатқанын атап өткім келеді. Баршаңызға жанқиярлық еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, бақ-береке, денсаулық, қажырлы қызметте биік жеңістер тілеймін!», — деді департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция департаментінің 15 қызметкері марапатталды. Оның ішінде, полиция подполковнигі Сидоров Максимнің шені бір саты жоғарылады.

Мерекелік шара соңында эстрада әншілерінің қатысуымен думанды концерт ұйымдастырылды .

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР