2024-03-28 23:18:20
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы даталы күнге орай қаламыздың опера және балет театрында мерекелік кеш өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып,  медицина саласының өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.

– Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан бұл мереке атаусыз қалып қойды. Бүгін ақ халатты абзал жандардың еңбектерін атап өтіп, ерекше құрмет көрсетудің сәті түсіп тұр. Конституциямызда бірінші құндылық адам және оның өмірі делінсе, сол құндылыққа адал қызмет ететін медицина мамандары. Ендеше оларға қалай құрмет көрсетсе де жарасады. Соңғы жылдарда қаланың денсаулық сақтау саласы қарыштап дамуда. Оны қол жеткізген соңғы жетістіктерге қарап бағалай аламыз. Мәселен, балалар ауруханасы соңғы үлгідегі нейрохиругиялық жабдықтармен жабдықталды. Күрделі ауруға шалдыққан 36 баланың еміне бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Денсаулық күзетінде тұрған мамандардың төл мерекесі  құтты болсын!, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Адам тәні мен жанын емдеуде барын салған дәрігерлер мен медбикелердің ерен еңбегін бағалап, алғысын білдірген қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ақ халатты абзал жандарға депутаттар атынан да ізгі тілегін жеткізді.

– Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, көптеген жоспарлар орындалып келеді. Мәселен,  Симуляциялық және Оңалту орталықтарын салу көзделген еді. Ол жоспар жүзеге асты. Сондықтан медицина саласы әрдайым назарда тұру керек. Өйткені дені сау ұлт – мемлекеттің жарқын болашағының кепілі. Профилактиканы қолға алмай, медицина өкілдерінің біліктілігін арттырмай денсаулық сақтау саласында нәтижелі жетістікке қол жеткізу мүмкін емес. Сол үшін медицинаға көңіл бөлуде аянып қалмаймыз, — деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Салтанатты жиында бір топ үздік медицина саласындағы еңбек озаттарына Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі және қалалық мәслихаттың «Құрмет грамотасы» табысталды.

Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ,

Фото: Серік ҚОСАЕВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР