2024-04-26 07:52:44
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ұрланған мүлікті іздейтін Urlangan.kz сайты іске қосылды

Ұрланған мүлікті іздейтін Urlangan.kz сайты іске қосылды

Алматы қаласының прокуратурасы ұрланған мүлікті сатып алуды алдын алу мақсатында «Urlangan.kz» сайтын құрды.

Алматы қаласында соңғы 3 жылдың ішінде 10 мыңға жуық бөтеннің мүлкі ұрланып, қабылданған шараларға қарамастан жылдан жылға осы санаттағы қылмыстардың саны өсуде.

Оның басты себептерінің бірі, ұрланған заттарды кедергісіз сату нарығының болуы.

Яғни, мыңдаған азаматтар тауардың шыққан жерін тексере алмауына байланысты мобильдік құрылғылар мен басқа да техникалық құралдарды сатып алу кезінде алдаудың құрбаны болады.

Осыған орай, Алматы қаласының прокуратурасы «Urlangan.kz» арнайы сайтын құрды.

Бұл сайтта, ұрланған компьютерлердің, теледидарлардың, плашнеттердің, ұялы телефондардың тіпті сағаттардың жүз мыңға жуық сериялық нөмірлері бар.

Енді әрбір қолданушы құрылғы кодын теру арқылы өзіне сатып алуға ұсынылған заттың ұрланған заттар тізімінде бар-жоғын тексере алады.

Сонымен қатар сайт арқылы жүздеген дүкендер мен жабдықтар сатып алу пункттері тауарларды тексере алады.

Сәйкестік анықталған жағдайда полиция органдарына жүгіну қажет.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР