2024-04-19 15:05:49
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түрлі сала өкілдері халыққа Жолдауды насихаттауды бастады

Түрлі сала өкілдері халыққа Жолдауды насихаттауды бастады

Шымкент ақпараттық орталығының мәліметіне сәйкес, өңірлік кәсіпкерлік палатасында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өтті.

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әзімбердиев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Қайрат Анарбаев шағын және орта бизнес өкілдеріне Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды жан-жақты түсіндірді.
Мемлекет басшысы Жолдауда жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын атап берді. Жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде нақты қадамдар жасалады. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері – жеңілдетілген несие берілмек.
Қ.Анарбаев жаңа экономикалық саясат бағдарын іске асыру тетіктеріне тоқталып, барлық азаматқа теңдей мүмкіндік берілетінін атап өтті. Ендігі ретте кәсіпкерлерді өндірісті әртараптандырып, бірлесе, ынтымақта еңбек етуге шақырды.

Б.Әзімбердиев шаhарда «Іскер қала» бағдарламасын жүзеге асыру барысынан хабардар етіп, индустриялық аймақтарды одан әрі кеңейтуде нақты жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Жиында кәсіпкерлер бизнесті дамыту мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жеңілдетілген несие беру, қайта өңдеу секторын дамытудағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды.

Өз кезегінде шымкенттік дәрігерлер Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласында инвестор есебінен салынған медициналық мекемелер саны артып келеді. Жалпы, басқарманың деректер базасында 129 медициналық субъекті болса, оның 97-сі инвестициялық жоба. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын жүзеге асыруды кеңесу жиынында қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова осылай деді.

А.Бекбауованың сөзінше, жыл соңына дейін инвестициялық жоба негізінде қаладағы онкологиялық орталығында 4 ПЭТ кабинеті ашылады. Нәтижесінда осы бөлімшелердегі құрылғының көмегімен диагноз ерте анықталып, жедел ота жасауға мүмкіндік туады.

– Биыл медициналық ұйымдармен 393 медициналық қызмет үшін 96,2 млрд.теңге көлемінде келісім-шарт жасалды. Оның ішінде тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде – 54,4 млрд. теңге, МӘМС жүйесінде – 41,7 млрд. теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға өскен, — деді А.Бекбауова.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР