2024-04-20 09:45:41
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұрғын үй сертификаттарының саны өсті

Тұрғын үй сертификаттарының саны өсті

Шымкент қаласы бойынша  тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 млн.теңгеге, 2020 жылы 101 азаматқа  100 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттары  табысталды. 2021 жылы 416  отбасыға  370 млн. теңгеге берілсе, биыл мұндай сертификат 500 азаматқа 1 млн теңгеге дейін  қайтарымсыз негізде әлеуметтік көмек ретінде тапсырылады.

Бұл құжат заңнамада белгіленгендей айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспаған (2022 жылға-37 389 теңге) және соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 115 905 теңге болған жағдайда ұсынылады. Өз кезегінде тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, көпбалалы, толық емес отбасылар, мемлекеттік мекеме мен денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жатады.

Сонымен бірге  тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 1419  азаматтың өтінімі мақұлданды. 276 азаматқа   «Отбасы банк» арасында түзілген  келісім шарт тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайыз төлемі мемлекет тарапынан аударылуда.

Бұл бойынша  тұрғын үй басқармасы және  “Отбасы банк” өкілдері сондай ақ аудан әкімдіктері бірлесіп тұрғындарымен кездесу өткізді, тұрғын үй субсидиясы туралы халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізізді.  Бағдарлама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегіне тіркелген 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар субсидия алуға өтінішті otbasybank.kz платформасында бере алады.

Өтініш берушінің соңғы 6 айдағы отбасыдағы адам басына  шаққандағы табысы  ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Өтініш беру ЭЦҚ арқылы қабылданатынын ескеру қажет. Жалпы субсидиялауға қатысты сұрақтар бойынша  қаладағы Бейбітшілік 3 көшесінде орналасақан  “Отбасы банктің” кеңесшілері толыққанды жауап бере алады деді Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ж.Өтебаева.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР