2022-09-27 19:53:32
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұмауға қарсы вакциналау басталды

Фото: jasqazaq.kz

Тұрғындарға вакцина салу жұмысы тіркелген мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жүргізіледі. Осы мақсатта қалада жергілікті бюджет есебінен «Гриппол +» вакцинасының 134 580 дозасы сатып алынған. Қазіргі уақытта вакцина қаладағы емханаларға таратылып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Инна Глазебная вакцина бірінші кезекте қай санаттағы тұрғындарға салатынын атап өтті.

–Вакцина алдымен созылмалы ауруы бар, диспансерлік есепте тұратын тұрғындар, жиі ауыратын балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша мүгедектер, 60 жастан асқан қарттар, медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші айындағы әйелдерге салынады, — деді басқарма өкілі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлесе ЖРВИ мен тұмауға қарсы күрес бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекіткен. Бүгінге дейін медициналық ұйым басшылары мен қызметкерлеріне осы тақырып бойынша 2 семинар ұйымдастырылыпты. Дәрігерлер тарапынан да тұрғындар арасында тұмауға қарсы екпе алуға ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізіліп келеді. Қаладағы №1 емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуовтың айтуынша, бүгінге дейін қолданыстағы вакцинаның кері әсері байқалмаған.

–«Гриппол +» вакцинасын бірнеше жылдан бері профилактика үшін тұрғындарға егіп келеміз. Осы уақытқа дейін салынған вакцинаның кері әсері байқалмады. Екпені салдырған азамат тұмаумен ауырғанның өзінде ол жеңіл түрде өтеді. Қалалық №1 емханада бес мыңнан астам тұрғынға вакцина салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда екпенің 2000 дозасы емханаға жеткізіліп, вакциналау жұмысын бастап кеттік, — дейді бас дәрігер.

Медициналық қызметкерлердің тұрғындарға жүргізген түсіндірме жұмысының арқасында бүгінде қалалық №1 емханаға тұмауға қарсы вакцина алушылардың қарасы көп.

–Медицина қызметкері болғасын күнде жұмыс барысында түрлі науқастарға көмек көрсетеміз. Оның ішінде ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар да бар. Сондықтан әр жыл сайын ерікті түрде тұмауға қарсы вакцина салдырамын, -дейді Жәмилә Дадажанқызы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР