2024-04-26 15:39:20
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Төтенше жағдайдың 86%-ы өрттен орын алған

Төтенше жағдайдың 86%-ы өрттен орын алған

Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы, полковник М.Жаксибаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.

Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді.

Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кету болып табылды.

— Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды,-деді қалалық ТЖД бастығы М.Жаксибаев.

Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін М.Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. “2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу” іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды.

Ендігі ретте қала әкімдігі қарапайым тұрғындарды газдан келетін қауіптен сақтау үшін алдын ала бекітілген сервистік компанияларға тіркелуге шарт қойып отыр. Себебі сервистік қызмет көрсетуші ұйым арқылы әр отбасы өзінің амандығын газ құрылғыларын білікті мамандарға сеніп тапсыру арқылы сақтай алады.

Өз кезегінде газ құрылғыларынан өрт шықпауын басқа да ақаулардың болмауын әлгі сервистік компания қадағалап, төтенше жағдайға жол бермеу үшін бар жауапкершілікті өздері мойнына алады. Бұл жоғарыда айтылып өткендей, халықтың өрт қауіпсіздігін сақтау жолындағы маңызды қадам болып саналады. Сондықтан тілсіз жаумен күрескеннен оның алдын алған әлдеқайда тиімді әрі адам өміріне де қауіпті емес.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР