
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев бастаған мобильді топ аудандағы бірқатар тойханалар мен қоғамдық тамақтанатын орындарды аралады. Тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлерімен бірлесе Теріскей, Шымкент-Холл, Шұғыла, Ақбастау, Мерей, Мәди және Grand bereke сынды тойханалар мен Maxi burger, Lavash center, Adana қоғамдық тамақтану орындары тексерілді.
Рейд нәтижесі бойынша карантин талаптарын бұзған төрт нысан анықталып, Әл-Фараби аудандық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.Одан бөлек ауданда құрылған алты мобильді топ сексен жеті нысанды аралап, жеті хаттама толтырды.
Жалпы жыл басынан Әл-Фараби ауданында үш жүз отыз үш кәсіпкерлік нысанға хаттама түзілді. Оның 11-і жеке кәсіпкер, 2-і заңды тұлға, қалғаны жеке тұлғалар.
Барша қала тұрғындарын тәртіпке бағынып, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз, деп хабарлайды Citynews.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.