2024-04-19 20:59:08
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тоғыста жаңа медициналық орталық ашылады

Тоғыста жаңа медициналық орталық ашылады

Шымкент қаласының іргесінде жатқан Тоғыс тұрғын алабында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда аталған елді мекенде 7500-ге жуық халық тұрады. Тұрғын алапта мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған.

Дегенмен атқарылуы тиіс-ті ауқымды жұмыстың бірі — ұңғыма қазу. Сол арқылы Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда.  Ол қосымша ұңғыма ретінде жаз айларында қолдану үшін керек. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов жұмыстың белгіленген мерзімінен кешікпей, сапалы орындалуына күш салу керектігін айтып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. Негізінен Тоғыс елді мекенінің тұрғындары ауыз судан тарыққан емес. бүгінгі таңда тіршілік нәрімен қамтылу көрсеткіші 98 пайыздан асқан. Сапалы электр жарығымен қамтылу көрсеткіші де 99 пайызға жетіп отыр.

Биыл тұрғындарды жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды. Сондай-ақ Тоғыс жұртының 98 пайызы «көгілдір отын» тұтынады. Тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық сметалық құжаты әзірленбек. Елді мекен жолдарына да әкімдік тарапынан жіті назар аударылып келеді. Мәселен былтыр 2 көше Ақмая мен Айыршық орташа жөндеу көрсе, биыл 4 көше асфальтталды. Тоғыстағы көшелер саны жалпы 18. Бұдан өзге С.Оспанов пен Мұнайбарлаушылар көшесіне де осы жылы жарықшамдар орнатылды.

Сондай-ақ Тоғыс елді мекенінде 15 мыңнан астам халыққа қызмет көрсететін жеке инвестиция есебінен «Togus-med медицина орталығы» ашылмақ. Соның  нәтижесінде Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас елді мекендері толық медициналық қызметпен қамтылады. Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам құрайды.

Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға) ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология мен массаж сынды емдік шаралар бойынша қызметтер көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР