2024-03-29 05:12:11
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Абай ауданында төрт көше пайдалануға берілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Абай ауданында төрт көше пайдалануға берілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абай ауданы аумағындағы шағынаудандарда жаңа көшелер ел игілігіне пайдалануға берілді. Атап айтқанда Қызылжар шағын ауданындағы Дәстүр, Ақтансай, Яссауи және  №10 көше тұрғындары қуанышқа кенелді.

Мерекелік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Занкоев Есімжан қатысып,  тұрғындарды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Ағымдағы жылы көшемізге асфальт төселіп, тұрғындардың көтерген мәселелері шешілгеніне қуаныштымыз, деді көше тұрғындары.

Айта кетейік, Абай ауданында жыл соңына дейін тағы осындай 7 көше пайдалануға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР