2022-09-28 03:16:49
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті

Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті.

Аталмыш шарада 1991 жылы дүниеге келген өз саласының белсенділері тәуелсіздіктің құрдастары «Petro Kazakhstan Oil prodacts» мұнайды екіншілік өңдеу қондырғысының механигі Өркен Байтенов, Театр және кино актері Бақытжан Көшеров, «Ізгілік қайырымдылық» қоғамдық қорының төрағасының орынбасары Алтынбек Боранбеков, Мақтарал футбол клубының пресс-секретары, жайдарманшы Тағай Нуралиев Шымкент «Политехникалық колледжінің» студенттерімен кездесті.

Кездесуде ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз елдің азаматы болғанына, дәл сол жылдары өмірге келгендеріне қуанышты екендіктерін айта келе өз өмір жолдарымен жеткен жетістіктерін айтып өтті. Сонымен қатар жастарға тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтарымыз деп әрдайым өз елін-жерін қадірлеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР