2024-04-27 01:50:04
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тассай түрленіп келеді

Тассай түрленіп келеді

Тассай қаланың жаңа орталығына жақын шағын аудан. Бүгінде бұл аймақта мемлекеттік бюджет есебінен сапалы электр энергиясы тартылды. Әлі толық қосылмаса да қуаттылық ережелеріне сай газ бен су құбырлары жүргізілді. Сонымен бірге кәріз жүйесін орнату жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жер астынан оптикалық кабель де өткізілді. Негізгі көшесіне асфальт төселіп, жарықшамдар орнатылды. Дегенмен шағын ауданның ішкі көшелері әлі де асфальт, тіпті шағал тас төселмеген күйі қалып тұр. Ендігі кезекте тұрғындар коммуналдық газға тезірек қосылуды асыға күтіп жүр.

Осыдан бес-алты жыл бұрын шағынауданның жағдайы басқа еді. Қазір мүлдем өзгеріп кетті. Қоғамдық көліктер саны да артты. Бұрын адамдар шағын автобусқа сыймай абыржитын. Бүгінде салқын автобуста күнделікті қиналмай қалаға қатынап жүр. Осының барлығы мемлекеттің азаматтарға жасап отырған жақсылығы. Мұны әлбетте жоққа шығаруға болмас.   Жалпы Шымкенттің шеткі аудандарындағы жағдай осындай. Урбанизация үдерісінің екпінімен қалаға ағылған жұрт алғашқыда көп қиындықты бастан өткерді. Инфрақұрылымы бармаған жерге үй салған халық әкімдікке жиі шағымданды. Бұған әрине әкімдікті кіналауға болмас. Өйткені сол тұста қаланы тұтас дамытып жіберетін ресурс болған жоқ, ол тіпті болған күннің бір пәсте атқарып тастау мүмкін де емес.

Қала шетіндегі Асар-2 шағын ауданы да көптен бері коммуналдық инфрақұрылым жағынан қиындық көріп келді. Ауыз су, жол, газ, электр қуатының проблемасы жергілікті тұрғындарды әбден шаршатқан-ды. Мегаполисті дамытудың жоспарына сәйкес былтыр аталған шағын ауданға көптен күткен ауыз су берілді. Осы мақсатты іске асыруға мемлекет қазынасынан 1,5 млрд теңге қаржы қаралды.

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов мегаполис шалғайында жатқан елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту Amanat партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын айтады. Бағдарлама аясында биыл Асар-2 шағын ауданының басқа да инженерлік-инфрақұрылым мәселелері шешімін тапты. Соның ішінде қалаға қатынайтын қоғамдық көліктерді атап өтуге болады.

Бұдан бөлек «Монолит – Дизайн — 2030» мердігер компаниясы кәріз жүйесінің құрылысын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР