2024-04-26 01:43:20
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттің бас жоспарына қатысты ұсыныстар сараланады

Шымкенттің бас жоспарына қатысты ұсыныстар сараланады

Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауда 149 ұсыныс түскен. Олардың арасында инженерлік жабдықтау, қоғамдық көлікті дамыту, қала аумағын абаттандыру, мектеп, балабақша, емхана мен спорт және демалыс орындарын салу мәселелері бар.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, барлық ұсыныстар сараланып, құзырлы мемлекеттік органдармен келісіледі. Ең тиімді ұсыныстар бойынша бас жоспардың жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Нәтижесінде жыл соңына дейін қаланың  жаңа бас жоспары толық әзірленіп, ҚР Премьер-министрінің келісімінен кейін, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Шымкенттің бас жоспарына қатысты ұсыныстар сараланады

Айта кетейік, бас жоспарды әзірлеу үшін 2021 жылы «Градкомплекс» ЖШС-мен Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы арасында келісімшарт түзілген. Құжатты әзірлеуге ТМД елдерінен көлік инфрақұрылымы бойынша үздік мамандар, сәулет және құрылысы саласындағы ғалымдар мен бас жоспар әзірлеу жөнінде мол тәжірибеге ие сарапшылар шақырылды.

Олар қаланың шекараларын айқындап, аумақтық даму схемаларын, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау және пайдалану тұжырымдамасын, орталықтарды, өндіріс орындарын, селитебті және рекреациялық аймақтарды орналастыру жобасын әзірлеген. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымын дамыту ұстанымдары, соның ішінде жаңа әуежайдың, теміржол вокзалының, автобекеттің орналасатын орындарын анықтап, экономикалық кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша концептуалды ұсыныстар әзірлеген.

Жаңа жобаға сәйкес, шаһарда жаңа мөлтекаудандар бой көтеріп, тағы бір индустриалды аймақ салынуы мүмкін. Ал, облыс орталығының алдағы кескін-келбеті қоғамдық талқылауда қаралды. Жаңа жоспарды қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен үш бірдей жобалаушы компания бірлесіп жасауда. Әзірге негізгі жұмыстар аяқталған. Мамандардың сөзінше, жаңадан дайындалған бас жоспар қаланың қазіргі аумағын тұтастай қамтиды. Онда инженерлік жүйелерді жүргізу, қала қақпасындағы күре жолдарды кеңейту жағы қарастырылған. Жаңа жоба мақұлданса, қалада тағы бір индустриалды аймақ ашылады.

«Шымкент қаласының индустриалды аймағы» деп аталатын орталықтың аумағы мың гектар болуы мүмкін. Онда негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ірі өндіріс ошақтары шоғырланады. 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Әзірге 54 жоспарлау жобасы әзірленсе, қала әкімінің қаулысымен күні бүгінге дейін соның 47-сі бекітілген.

«Шымкент келбеті» — Айдар Құлжанов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР