2024-04-26 11:46:02
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік дәрігерлер тәжірибеде болмаған ота жасады

Шымкенттік дәрігерлер тәжірибеде болмаған ота жасады

Шымкентте дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады.

№2 қалалық аурухана базасында тың әдіспен жасалған операция кезінде хирургтар наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем тәсілін қолданған.

Қыркүйектің 21 күні ауруханаға бүйректің созылмалы шамасыздығы салдарынан 9 жыл бойы гемодиализ қабылдаған 1986 жылы туған науқас түседі. Сүйек буындары ауырсынған, дене бітімі кішірейген, бойы шөккен. Дәрігерлер пациентті тексеруден өткізіп, оның ағзасынан кальций-фосфор алмасуы бұзылғаны анықталады.

Шұғыл арада консилиум құрылып, пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер күрделі ота жасауға шешім қабылдайды.

№2 қалалық аурухана базасында науқасқа қалқанша маңы безі артерияларының эмболизация отасы жасалынып, нәтижесінде науқастың ауырсынуы басылған.

“Операциядан кейін науқастың сүйек буынындағы қанындағы парат-гормон деңгейі 7 күнде 1733 пг/мл-ге дейін төмендеген және одан да төмен түсуі күтілуде. Сондықтан науқас қатаң бақылауға алынып әр аптада қан талдауға алынуда. Бір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер командасы болып жұмыс істеп, консилиум құрдық. Консилиум құрамына 10-ға жуық дәрігер кірді”-дейді дәрігер-нефролог Қыстаубаев Мадияр.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл отаның ерекшелігі — науқасқа көп зақым тигізбей, наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем.

Қазіргі таңда пациенттің жағдайы қалыпты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР