2023-02-05 10:25:40
1.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Шымкенттегі жаңа ауданның әкімі тағайындалды

Бүгін қала актив отырысында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов жаңадан құрылған бесінші аудан – Тұран ауданының әкімін тағайындады.

Су жаңа ауданды басқаруға Боранбай Нығметұлының кандидатурасы лайық деп танылды. Бұған кешегі өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясында халық қалаулылары бірауыздан қолдау танытқан болатын.

«Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғанына 5 жыл толғалы отыр. Осы жылдары қаланың екінші тынысы ашылып, қала тұрғындарының келешекке деген сенімі арта түсті.

Бүгін Шымкент қаласы миллионнан астам адам тұратын жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі болып табылады.

Шымкент қаласының тұрғындарына қолайлы орта қалыптастырып, басқару деңгейін арттыру мақсатында жаңа бесінші аудан ашу ұсынысы енгізілген еді. Мемлекет басшысы қаланың қарқынды дамуына байланысты мегаполисте жаңа бесінші аудан құру туралы ұсынысты қолдады. Жұртшылықтың пікірін ескере отырып, жаңа ауданға «Тұран» атауы берілді. Осы орайда Тұран ауданы әкімі лауазымындағы Боранбай Нығметұлына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алда атқаратын шаруа көп. Жаңа қызметте сәттілік тілеймін!»,-деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айтып өтейік, Б.Болатбеков бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келген болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР