2024-03-28 22:05:46
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 120 отбасы баспаналы болды

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 120 отбасы баспаналы болды

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бойынша 120 отбасы  несиелік баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады.

Пәтер кілтін тапсыруға арналған салтанатты шараға Шымкент қаласы маслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, азаматтардың қуанышын бөлісті.

Айта кетейік, аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Югстройсервис-Н»-ЖШС-і мен «Орион ЛТД» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.

Шымкент қаласында биыл 1 527 азамат сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз етілсе, оның 857-і жастар бағдарламасы негізінде 5 жылға табысталуда. Одан бөлек несиелік негізде 1 269 азамат баспанамен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР