2024-04-25 04:10:18
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте шомылу маусымы басталды

Шымкентте шомылу маусымы басталды

Жаз бойы мегаполис аумағында «Қауіпсіз жаз» атты кең ауқымды насихаттау акциясы өткізіледі. Осыған орай Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Шымкентте тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 13 орын тыйым салынған аймаққа енгізіліп отыр.Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Нұржан Қаракөзев мәлімдеді.

— Еліміздің барлық өңірлерінде шомылу маусымы жаздың алғашқы айынан бастап ашылды. Қала әкімінің қаулысымен суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген және оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген.

Сонымен бірге қазіргі таңда қала аумағындағы барлық аквасаябақтар ашылып өз жұмыстарын бастады. Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында департамент аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтады.

Олар: Бадам өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары,Сайрам-су өзенінің қала аумағында (Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары,Текесу су қоймасы, Ақжар су қоймасы, Шымкент магистралды каналдың қала аумағында (Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары, Янги-шек каналының қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары, Қарасу өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары, өзеннің бастауын қоспағанда, Қошқар ата өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби аудандары) орналасқан барлық арналары,Қайнарбұлақ жасанды көлі,Азат каналы, Көкбұлақ каналы,Хауау каналы,Сасық каналы» — деді спикер.

Жаз бойы мобильді топтар суға түсуге болмайтын орындарды аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жадынамалар таратады.

Акцияға полиция департаментінің өкілдері, «Лидер.кз» еріктілері, жедел-құтқару жасағының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері мен құтқарушылар, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары да жұмылдырылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР