2023-02-04 11:19:08
1.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Шымкентте өткен жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде қала тұрғындарына жеңілдіктер ұсынылды

Бүгінде Отбасы банкпен жеке құрылыс компаниялары арасында ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісім шарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын немесе 50 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, өз сөзінде бұл формат қала тұрғындары үшінде өте ыңғайлы екендігін атап өтті.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.

Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банкпен 3 мыңнан аса азаматқа ипотекалық заем мақұлданған. Бұл күн сайын 11 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді.

Шымкентте “Отбасы банк” арқылы жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 27 мыңнан астам жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бұған дейін де Шымкент қаласының «Арбат» демалыс аумағында екі күнге созылған жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өткен болатын. Кешкі сағат 18.00-де басталып, сағат 23.00-ге дейін жалғасқан жәрмеңкеде дәл осы уақыт аралығында үй алуға өтініш білдірген Отбасы банк салымшыларына 3 млн теңгеге дейін жеңілдік қарастырылған. Егер келуші тұрғын үйді таңдаса және бірден брондап алса, онда жеңілдік алуға болады.

«Отбасы банктің Шымкент қаласының өзінде 160 мың салымшысы бар екен. Жыл басынан бері 2 000-дай адамға қарыз берген. Демек, күніне 10-15 адам Отбасы банк арқылы үйлі болып жатыр. 2035 жылға дейін 32 миллион шаршы метр үй салуымыз керек екен. Шымкентке қоныс аударушылар және мұнда туу көрсеткіші жоғары болғандықтан, халық саны жылдан-жылға көбейіп жатыр. Сондықтан қала тұрғындары осынау жәрмеңкеде ұсынылған жеңілдіктерді пайдаланыңыздар», – деді Мақсұт Пернебайұлы.

жәрмеңкеде Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялар ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасты. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып, Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР