2024-04-26 00:02:48
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте бас жоспарды талқылауға «Ауыл» партиясының өкілдері қатысты

Шымкентте бас жоспарды талқылауға «Ауыл» партиясының өкілдері қатысты

Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын талқылау жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр. Бүгін оған қатысты өздерінің ой-пікірін білдіруге Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелері келді. Арасында белгілі сәулетшілер және қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар бар.

– ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ БӘРІМІЗ ҮШІН ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ. АЛ, БАС ЖОСПАР ДҰРЫС ЖАСАЛСА, ОНДА ҚАЛАДА ЭКОНОМИКА ДА, ӨНЕРКӘСІП ТЕ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДА ОРНЫҚТЫ ДАМИДЫ. ЕҢ БАСТЫСЫ, БҰЛ ҚҰЖАТ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ ӨМІР СҮРУІНЕ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕДІ. СОНДЫҚТАН, ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ БАС ЖОСПАРДЫҢ ЖОБАСЫН ҚОҒАМНЫҢ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАУЫНА ШЫҒАРУЫ ОРЫНДЫ ШЕШІМ ДЕР ЕДІМ. БІЗ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТЫНАН ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІМІЗ БЕН ҰСЫНЫСТАРЫМЫЗДЫ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ЖИНАЛЫП ОТЫРМЫЗ, – ДЕДІ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАНАТБЕК ДОСАЛИЕВ.

Айта кетейік,  Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бас жоспар 2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жобаны әзірлеу үшін мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізіпті. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалған. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарланып отыр.

Мамандардың сөзінше жалпы, жаңа бас жоспар 2025-2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бастаған жұмыс тобы мегаполистің бас құжатын қала әкімі Мұрат Әйтеновке және мәслихат депутаттарының назарына да ұсынып үлгерді. Бас жоспарлы бекіту жұмысының бірінші кезеңі осылай халық талқылауынан басталып отыр.

Қала әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, Шымкенттің бас жоспары негізінде 2012 жылы бекітіліп қойған. Бұл жолғысы қосымша өзгертулер енгізу ғана. Өйткені арадағы жылдар ішінде қала түбегейлі өзгерді. Ол кезде аумағы 40 мың гектар еді, қазір 117 мың гектарға ұлғайды. Халық саны да 1 миллион адамнан асып жығылды. Шымкенттің 2018 жылы республикалық мәртебесі бар қала атануы да бас жоспарға түзетулер енгізуге негіз қалайды. Айтқандай, бас жоспарды «Градкомплекс» компаниясы жасаған.

Маңызды басты артықшылығы сол, қаланың 117 мың гектар ауданына 1:10 000 масштабда векторлық топотүсірілім жасалып, жалпы аумағы 275 кадастрға бөлінді. Мегаполис бас жоспарға сәйкес, полиорталық принципімен дамиды. Яғни, орталық, шет деген ұғымдар болмайды.  Әр аудан өз алдына бөлек өсіп-өркендейді. Бас жоспарда жұрт назарын өзіне аударғаны әрине ЛРТ, БРТ жобалары. ЛРТ – жеңіл рельсті көлік, ал БРТ – арнайы жолақтағы автобус болып саналады.

«Шымкент келбеті» – Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР