Шымкент қаласында мың сегіз жүз сексен алты аялдама орны бар. Ескірген аялдамалар орнына биыл жаңа үлгідегі екі жүз елу аялдама орнату көзделген болатын. Бүгінде оның 138-і қойылды.
Атап айтқанда, Сырым батыр — он жеті, Өтегенов -он екі, Бәйтереков — екі, Байтұрсынов -үш, Назарбаев — екі, Айбергенов -екі, Аймауытов — он, Ақназар хан — жеті, Сайрам-он, Момышұлы — тоғыз, Тәуке хан – жеті, Қазыбек би -он екі, Елшибек батыр – алты, Жолан батыр -екі, Позиков -екі, Қазиев – үш, Төле би – екі, Уалиханов – алты, Иляев – төрт, Әл-Фараби көшесіне жиырма аялдама орнатылды. Қалған аялдамаларды орнату жұмыстары жалғасуда.
Ескі аялдамалар жалпы жөндеуден өтіп, қажеттілікке қарай қайта орнатылатын болады.