2024-04-20 10:16:22
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 150-ге жуық қазандық салалық басқармаға өтеді

Шымкентте 150-ге жуық қазандық салалық басқармаға өтеді

Қазір қала аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін қала әкімі М. Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында айтылды.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен — 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан — 3, спорт мекемелерінен — 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.

«Жылу маусымына дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қараңыздар. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды» — деді қала әкімі.

Сондай-ақ мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті. Жалпы, қазандықтарға бір мекеменің жауапты болуы ең алдымен жылу жүйелерін бір көзден қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шешім барлық қазандықтарды жылыту маусымына дайындауды жолға қойып, жылу сапасын арттырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР