2024-02-21 04:37:06
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент зообағы абдандармен толықты

Шымкент зообағы абдандармен толықты

Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы жаңа жануарлармен толықты. Өткен жылдың 28 қазанында үш абдан өмірге келді. Арыстандар Симба мен Танудың төлдері күн сайын салмақ қосып келеді. Тану өз төлдеріне ерекше мейірім көрсетіп, өсіруде. Бүгінгі таңда абдандар жазғы вольерге өз беттерімен шыға алады.

Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында түрлі жануарлар мекендейді. Олардың басы жыл сайын көбейіп келеді. Енді аңдарды тамашалауға келген келушілер арыстанның үш күшігін көре алады.

–Күшіктеріміз қазіргі таңда тек анасының сүтімен қоректенеді. Екі айдан кейін ет беріп көреміз. Ал Симба мен Тану күніне екі мезгіл етпен қоректентіріп, аптасына бір рет тірі азықты береміз. Бес келі болып туылған төлдердің салмағы қазіргі таңда 10 келіден асты. Аналығы момын болып келсе, аталықтары өздерін ұстаған кезде қарсылық көрсетеді. Десе де, біз әрбір туған төл үшін қуанамыз. Зообақ қызметкерлері жануарларға жақсы күтім, қолайлы жағдай жасау үшін барын салады, – деді Шымкент зоосаябағының әдіскері Ұлжан Рүстем.

Айта кетейік, бүгінгі таңда хайуанаттар бағында 8 бас арыстан бар. Ал жас жыртқыштарға мамандар есім қоюда зообақтың тұрақты келушілеріне және мекеменің инстаграм желісіндегі оқырмандарына таңдау құқығын берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР