2022-10-03 10:00:59
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: «Тұлғалар мен цифрлар арқылы Қазақстанды сүю» атты ауқымды фото-көрме дайындалуда

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжанов мәлімдеді.

Бірегей идея авторының айтуынша, ауқымды көрменің негізгі мақсаты – әр өңірдің көрікті, тарихи жерлерін, еңбек адамдарын фотосуреттер арқылы басқа аймақтарға таныстыру.

Биылғы жылғы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алатын тың жоба, еліміздің барлық облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын болдаы.

Жоба авторы екі айдан астам уақыт көлемінде еліміздің барлық өңірінде іс-сапарда болатынын жеткізді.  Қажетті материалдар жинақталған соң, арнайы құрылған комиссияға ұсынатын болады. Фото көрмеде танымал тұлғалар мен тарихи жерлер көрсетіледі. Әзірге бұл жобаның дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, көрмеге мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мақсатында түсірілген фотолар да қойылатын болады.

Шымкент қаласының
Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР