2024-02-21 04:47:06
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Қоғамдық кеңес есеп берді

Шымкент: Қоғамдық кеңес есеп берді

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің өткен жылы 19 отырысы өтіп, бірқатар мәселелер шешілген. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев 2023 жылды қорытындылаған есебінде мәлімдеді.

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің III шақырылымы құрылғалы 33 жиын өткен. Оның 10-ы кезекті жоспарлы, 1-і көшпелі отырыс, 1-еуі ҚР Парламенті Сенат депутаттарымен кездесу және қалғаны кеңес жиындары.

Бауыржан Әлтеевтің айтуынша, қоғамдық кеңес әкімдікке қарасты 10 басқарманың және жергілікті 3 құқық қорғау органдары басшылығының атқарылған жұмыстарының есебін тыңдаған. Нәтижесінде кеңес отырыстарында 10 хаттама түзіліп, 30 мәселе қаралып, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 104 хаттамалық ұсыным мемлекеттік органдарға жолданған. Ал қала әкімінің атына 8 ұсыныс хат жолданыпты.

–Қоғамдық кеңестің атқарған маңызды жұмыстарының бірі – Қызылжар тұрғын алабы тұрғындарының талабының орындалуы. Қызылжарлықтар кеңеске тұрғын алаптан айналма жол салынса, тұрғын үйлер бұзылу қаупі барын айтып жүгінген болатын. Кеңес мүшелері қаланың 2035 жылға дейінгі ұсынылған Бас жоспарындағы айналма жол бағытына мониторинг жүргізіп, тиісті ұсыныстар берді. Осыдан кейін Бас жоспарға өзгеріс енгізіліп, 500-ге жуық тұрғын үйді бұзу-сырудан аман сақтап қалып, айналма жол басқа бағытпен өтетін болды, – деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Бұдан бөлек, қоғамдық кеңестің бастамасымен дендросаябақтағы суғару жүйелері ретке келтіріліп, ағаштардың қурауының алдын алуға ұйытқы болған.

Атап өтейік, Қоғамдық кеңестің басты міндеті – халықтың қоғамдағы күрделі мәселелері бойынша үнін жергілікті билікке дер кезінде жеткізу. Сол көтеріліп отырған мәселелер бойынша тиянақты ұсыныстар беру, оң шешім табу жолдарын қарастыру.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР