2022-09-28 03:36:08
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласының әкімі елордада брифинг өткізді

Шымкент республикалық қала мәртебесіне ие болған 4 жылдың ішінде экономика айтарлықтай дамып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға артқан. Ал, қалаға тартылған инвестиция көлемі 1,5 триллион теңгеден асып отыр. Сондай-ақ, қала бюджетінің көлемі де 4 еседей артып, 2018 жылғы 146,2 миллиард теңгеден, 2022 жылғы 573,7 миллиард теңгеге дейін жеткен.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының осы және өзге де көрсеткіштерін талдап көрсетіп берді. Сондай-ақ, қаланың алдағы даму жоспарлары туралы баяндады.

–Шымкент инвестиция көлемінің өсімі бойынша республикада бірінші орында. Бес айда инвестиция көлемі 29,2 пайызға өсіп, 131,1 миллиардқа жетті. Жыл соңына дейін 500 миллиардқа жетеді деп жоспарланған. Инвестиция негізінен құрылыс және өнеркәсіп салаларына бағытталуда. Нәтижесінде төрт жылда 2,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған болса, оның 1 миллион шаршы метрі тек 2021 жылдың үлесінде. Ал, өнеркәсіп секторында биыл 16 инвестжоба іске асып, жаңадан 1 мың жұмыс орны құрылады, – деді М.Әйтенов.

Шымкент қаласының әкімі жергілікті биліктің негізгі жұмысы инженерлік-коммуникациялық және инфрақұрылымдық желілерді дамытуға бағытталғанын айтып өтті. Мәселен, бүгінде 8 шағын ауданда электр энергиясы, 31-інде табиғи ғаздың сапасы жөнінде мәселелер бар. Биыл сапалы электрмен қамтуда – 16, табиғи газ жүйесі бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жалпы 2023 жылы — ауыз сумен қамту, 2025 жылы — электр қуаты және табиғи газбен қамту мәселелері 100 пайызға шешіледі. Сонымен қатар, биыл 19 кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Нәтиижесінде, кәрізбен қамту 54 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғаяды.

М.Әйтенов брифинг барысында Шымкенттегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, мәдениет пен спорт салаларында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Қала әкіміне республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Олардың арасында қаланың Бас жоспары, балама транспорт мәселесі, жұмыспен қамту, жастарға қолдау көрсету және қалада бесінші ауданның құрылуы жөніндегі сұрақтар да бар. Мұрат Дүйсенбекұлы журналистердің барлық сауалдарына толық әрі жан-жақты жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР