2024-04-23 16:55:44
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласы әкімдігінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

Шымкент қаласы әкімдігінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

Шымкент қаласы әкімдігінде «ZOOM» платформасы арқылы өрт қауіпсіздігі саласында түсіндірме жұмыстары семинар-кеңесте жүргізілді. Іс-шараға қаладағы мүделлі мемлекеттік органдары қатысып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру, оның ішінде қала аумағында орналасқан ғибадат объектілерінде қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері қарастырылған.

Аталған объектілерде жазғы өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын Әл-Фараби ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау майоры Ж.Аяпов өткізді.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан қала аумағында жазғы өрт қауіпті кезеңіне байланысты алдын алу іс-шаралары сәуір айының басында басталған болатын. Ал 28 сәуірде аталған департамент барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орман-дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Айта кетейік, орман-дала өрттерін жедел сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар қала аумағында өрт қауіпті кезеңде 42 ерікті өртке қарсы құралымдар құрған. Оның жеке құрамында 405 адам, 69 бірлік бейімделген техника және 14 бірлік мотопомпасы бар. Ал Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде жоғары өтімді 24 бірлік техника (негізгі 11, арнайы 7, қосалқы 6) және 100 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР