2024-11-25 02:43:54
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Көпбалалы ана құрақ көрпе тігіп, кәсібін дамытуда

Шымкент: Көпбалалы ана құрақ көрпе тігіп, кәсібін дамытуда

«SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығына тіркелген көпбалалы ана Еркінай Көшкінбаева тағдыр тауқыметін еңсеру мақсатында Орталыққа жиі келіп тұратын аналардың бірі.

Бес баласының екеуі мүгедек, өмірлік жолдасы жазатайым оқиғадан соң мертігіп, отбасы қиын күндерді бастан кешкен. Денсаулығы жоқ баланың тауқыметі, жұмыссыздық еңсесін түсірген ана мен отағасы «Шаңырақ» орталығының психологтарынан тұрақты түрде психологиялық кеңес алып тұрды. Нәтижесінде күйзелістен шығып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде.

Сонымен қатар өз кәсібін жүргізу бойынша да бағыт-бағдар берілді. Бала тәрбиесімен отырған аналар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Үйде отырып кәсіп жүргізіп, құрақ көрпе тігіп, кесте салатын Еркінай күні кеше өткен «КөрпеFEST-2021 – «Ата кәсібі — бала нәсібі» атты республикалық жобаға қатысып, жүлделі орындардың бірін иеленді. Осылайша, елордаға жолдама алып, қуанышы қойнына сыймай отыр. Жолдасы да жұмысқа орналасып, денсаулығында ерекшелігі бар баласы Орталықтағы сазбалшық терапиясы үйірмесіне қатысып жүр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР