2024-03-28 17:03:01
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент бюджетінің кіріс бөлігі соңғы 5 жылда 2,7 есеге ұлғайған

Шымкент бюджетінің кіріс бөлігі соңғы 5 жылда 2,7 есеге ұлғайған

Елімізде кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар түсімі жалпы бюджеттің түсімдері болып табылады.
Шымкент қаласы бюджетінің өзіндік кірісінің басым бөлігін салықтық түсімдер құрайды. Кірістер соңғы есепті бес жылда, атап айтқанда, 2016-2020 жылдар аралығында 53,7 млрд. теңгеден 145,3 млрд. теңгеге, яғни 2,7 есеге ұлғайған. Мұны Шымкент каласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов «инстаграм» желісіндегі тікелей эфир барысында баяндады.

Сала басшысының айтуынша, динамикалық ұлғаюдың қарқыны қаланың республикалық маңызы бар статусын алғаннан кейінгі жылдарда байқалып отыр. Осы жылдың өзінде кіріс көлемі 124,1 млрд. теңге болып бекітілді. Оның ішінде: салықтық түсімдер 122,5 млрд. теңге, салықтық емес түсімдер 0,6 млрд. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 1 млрд. теңге.

Басқарма тарапынан қала бюджетінің кіріс көздеріне егжей-тегжей талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 28,3 млрд. теңге қосымша кіріс көздері анықталып, 2021 жылдың наурыз айындағы қалалық бюджетті нақтылау барысында өзіндік кіріс көлемі 152,4 млрд. теңгені құрап, 22,8% ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР