2024-04-19 05:53:25
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент әуежайының жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен таныстым

Шымкент әуежайының жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен таныстым

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен бірге әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен таныстық.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес,  әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалды. Ал жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қасбеттік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалы құрылысының 80 % жұмыстары орындалды.

Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал жобалық құны 1,7 млрд теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар да аяқталып отыр.

Байкен Аширбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР