2024-04-24 21:56:25
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: 30 мың гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді

Шымкент: 30 мың гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді

Диқандарымыз биылғы жылы 30,0 мың га. жерге егілген  ауыл шаруашылығы дақылдарынан 90,1 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Осы және басқа да ақпараттармен Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Джанбатыров Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

—  ЕГІСТІК АЛҚАБЫ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ КӨРСЕТКІШПЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 0,7 МЫҢ ГЕКТАРҒА АРТҚАН.  ЖАЛПЫ ДӘНДІ-ДАҚЫЛДАР -13,0 МЫҢ ГА., ЖҮГЕРІ — 0,1 МЫҢ ГА., МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР — 3,6 МЫҢ ГА., МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР — 9,6 МЫҢ ГА., КАРТОП — 0,4 МЫҢ ГА., КӨКӨНІС ЖӘНЕ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ — 3,4 МЫҢ ГА.  ЖЕРГЕ ЕГІЛДІ.

Қазіргі таңда көкөніс алқаптарынан 17,9 мың т. өнім алынса, 10,1 мың тонна мал азықтық шөп жиналған.

Сондай-ақ, шаруалардың өтінімдеріне сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жанармай жеңілдетілген бағамен литріне 189 теңгеден босатылуда.  Бүгінгі күнге дизель отынының нарықтағы бағасы 220-230 теңгені құрап отыр.

2022 жылы ауылшаруашылығы саласында өнімділікті арттыру мақсатында

— минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына — 122 146,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 32,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.

— тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда бірінші ұрпақ будандарының 141,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.

— пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12%-артық (2021ж.-128,0 млн.тг.).

Осы ретте айта кету керек, Шымкент қаласында жылыдай кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Қазір  қалада 204 гектар аумақта 113 жылыжай кешені орналасқан. Оның ішінде аумағы 71 га құрайтын 23 өнеркәсіптік жылыжайда ауылшаруашылық өнімдері өсірілуде. Бұл жылыжайларда жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші елдерге экспорт жасалады.

Бүгінде қала тұрғындарына балғын көкөніс жеткізіп отырған кешеннің бірі – Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған. Жылыжай «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісі өркендеді.

Шымкент қаласының
Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР