2024-04-26 01:09:24
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШҚО-да 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды

ШҚО-да 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды, – деп хабарлайды Citynews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 қыркүйекте Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі аумағында өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Тілсіз жау ашық алаңда шөп пен бұтаны шарпыды.

«Қызыл жалынды өшіруге департаменттің жеке құрамынан 16 адам, 4 техника, орманшылардан 30 адам, 6 техника және жергілікті атқарушы органнан 30 адам, 6 техника жұмылдырылған. Күрделі рельеф және қатты жел өртті сөндіруді қиындата түсті», — делінген ақпаратта.

Өртпен күреске тартылғандардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында от елді мекендерге таралмады. Жалпы ауданы 45 гектарға жайылған тілсіз жау 4 қыркүйекте сағат 17.25-те толықтай ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР