2024-06-16 10:05:01
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шаруалар судан тапшылық көрмейді

Шаруалар судан тапшылық көрмейді

Сайрам ауданына қарасты 250-дей шаруа қожалығы енді судан тапшылық көрмейді.Себебі осыған дейін қала аумағындағы жұмысы тоқтап тұрған Чумчак және Сай каналдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Күрмеуі қиын мәселенің шешімін тапқанына бүгін баспасөз турында көз жеткіздік.

Екі жыл бұрын құрылысы басталып, аяқталмай қалған канал ағысының тоқтауы — шаруалардың егістігіне залалын тигізіп, тұрғындар тарапынан наразылық тудырған еді. Жуырда мәселе оң шешімін тапты.

—Су реттеуге арналған 21 шлюз қойылды. Бетондық қаптамалармен қапталды. Арналарда су тапшылық туындамау үшін бақылаушымен реттеліп отырады. Енді 7,5 гектар аумақтаңы егістікті сумен қамтиды. Жалпы каналдың ұзындығы 5,3 шақырым. Бүгінгі таңда екі каналдың құрылысы толық бітіп, Көк және Шапырашты каналдары аяқталуға жақын. Пайдалануға берілетін уақыт маусым, шілде айы деп жоспарлануда,- деді қалалық жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының басшысы Ержан Жақсылықұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Сайрам ауданындағы каналдарға су Сайрам өзенінен алынады. Бұған дейін каналдардың жұмысы бақылауда болмағаны және су арналары реттелмегендіктен шаруалардың егістігі қурап, диханшылықпен айналысуды тоқтатқан. Биылдан бастап шаруа қожалықтары көбейіп, нәтижесінде көкөніс көлемі артпақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР