2024-04-25 06:18:04
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сенат депутаттары қызметтік сапармен Шымкентке келді

Сенат депутаттары қызметтік сапармен Шымкентке келді

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында Шымкентке Сенат депутаттары келді.

Депутаттар құрамында ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі  комитеттің төрағасы Волков Владимир , комитет хатшысы Сафинов Қанатбек және комитет мүшелері Арғынбекова Айнұр, Бекназаров Нұрлан, Медебаев Советбек пен Сүлеймен Ләззат және Толамисов Амангелді бар. Бұдан бөлек  құқық қорғау органдарының ресми өкілдері келді.

Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселесі бойынша бірқатар маңызды отырыстар өткізді. Іс сапар барысында қалалық сот пен әкімдікте жауапты мамандармен кездесіп,  Шымкент қаласы Полиция департаментіне арнайы ат басын бұрды.

Мегаполистегі №33 учаскелік полиция пунктінде қоғамдық кеңес мүшелерімен  жүздесіп, Әл-Фараби ауданындағы «Сервистік полиция» пилоттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен көрсетілген нәтижелерді талқылады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков шаһар қауіпсіздігін қамтасыз етуге зор үлес қосып отырған 3000-нан астам бейнекамераны бақылайтын Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Келесі кезекте, тарихи қазынаға бай музей ішін аралап, полицияның өткені мен бүгінінен хабардар болды.

Өз кезегінде, ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі  комитеттің төрағасы Волков Владимир полиция жұмысына табыс тілеп, қалтқысыз қызметі үшін алғысын білдірді. Президент жолдауына сәйкес, тәртіп сақшылары ашық, қолжетімді, сенімді болу қажет екенін атап өтті.  Сонымен бірге цифрлық дәуірде қоғамдық орындардағы бейнекамералардың қылмыстың азаюына үлкен септігін тигізіп жатқандығын тілге тиек етті. Тіпті осы бақылау камераларының көмегімен қылмыстық оқиғаларды дер кезінде анықтау, ізін суытпай ашу оңайлағанын жеткізді.

Сенаторлар қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіру мәселелерін қала басшылығымен бірге талқылады және Шымкент қаласының соты мен ішкі істер департаментінде болды. Оған қоса, №54 орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кездесті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР