2024-06-13 22:37:34
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

СБК отырысында жаңа технологияларды енгізу мәселелері қаралды

СБК отырысында жаңа технологияларды енгізу мәселелері қаралды

Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінің салалық департаменттері, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (СБК) отырысы өтті.

СБК қарауына ангиохирургия және ядролық медицина саласындағы денсаулық сақтаудың екі жаңа технологиясы ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі басым бағыттар, клиникалық хаттамалардың тақырыптары және 2023 жылы сараптамалық бағалауға жататын денсаулық сақтаудың жаңа технологиялары қаралды.

Ағымдағы жылы елімізде денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау шеңберінде 7 420 медицина қызметкерін, оның ішінде         4 012 дәрігер мен 3 408 орта медицина қызметкерін басым бағыттар бойынша оқыту жоспарлануда.

Сондай-ақ, шетелде 52 маманды, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, неврологтар, кардиологтар, хирургтар және травматолог-ортопедтерді оқыту жоспарланған.

Бүгінгі таңда ҚР-да 1100-ден астам ұлттық клиникалық хаттама қолданылады. Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс бейінді мамандарының басшылығымен ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының және медициналық жоғары оқу орындарының мамандарымен бірлесіп, бейінді медициналық қауымдастықтарды тарта отырып, қолданыстағы клиникалық хаттамалар базасына ревизия жүргізілді.

2023 жылдың соңына дейін 142 қолданыстағы клиникалық хаттаманы өзектендіру және 38 жаңа клиникалық хаттаманы әзірлеу жоспарланған. Барлық 180 клиникалық хаттама бойынша сараптама жүргізіліп, кейіннен СБК-да қаралады және ҚР медициналық ұйымдарында клиникалық хаттамалардың қолданылуына мониторинг жүргізіледі.  Мемлекеттік тапсырманың шеңберінде 2023 жылы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымның деңгейінде денсаулық сақтаудың 20 жаңа технологиясына сараптамалық бағалау жүргізу жөніндегі іс-шараны іске асыруды жоспарлап отыр.

СБК отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын жоспарлау әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ СБК ҚР-ның практикалық денсаулық сақтауында екі жаңа технологияны қолдануды мақұлдады, дәрігерлер үшін денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша 15 басым бағыт және орта медицина персоналы үшін 14 бағыт келісілді,  клиникалық хаттамалардың 180 басым тақырыбы мен денсаулық сақтаудың 20 жаңа технологиясының тізбесі қолдау тапты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР