2026-06-17 03:18:22
22.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясындағы көшпелі отырысы Түлкібас ауданында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституция қағидаттарын кеңінен насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту және қоғамда алаңдаушылық туғызып отырған әлеуметтік мәселелердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру.

Жоба аясындағы кездесуге Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдық бөлімінің басшысы Мақпал Ибрагимова, ауылдық округтердегі Аналар кеңестерінің төрайымдары, Түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері, медиация саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Отбасын қолдау орталығының мамандары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Көшпелі отырыста қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Қатысушылар бұл мәселелердің тек жеке адамға ғана емес, отбасы мен қоғамның дамуына да әсер ететінін атап өтіп, олардың алдын алу ісінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттігіне тоқталды.

Жиын барысында жастар тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды сақтау, ұлттық тәрбиені дәріптеу және қоғамдық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Аналар кеңесінің мүшелері отбасының тұлға қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударып, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті сақтау жолындағы Аналар кеңесінің қызметі, медиация институтының қоғамдағы рөлі және әлеуметтік мәселелердің алдын алудағы қоғамдық ұйымдардың тәжірибесі талқыланды. Қатысушылар өңірлерде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы пікір алмасып, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын қарастырды.

Іс-шара қорытындысында қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, жастар арасында құқықтық және рухани мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Қатысушылар «Салауатты сана» жобасы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың белсенділігін арттыруға ықпал ететін маңызды алаң екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР