2024-03-28 17:42:11
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізетіні туралы хабарлар келіп түскен. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық сайтында жариялады. Олар:

  1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) — «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);
  2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі — «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
  3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы — Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, «face to face» сұхбат алу әдісі;
  4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы — «face to face»сұхбат әдісі;
  5. Астана — Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» — дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
  6. Исследовательская группа DAMU RG — CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing);
  7. «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты — дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР