2024-03-29 02:08:31
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сайлау алды пікірсайыстарға қатысушылардың тізімі бекітілді

Сайлау алды пікірсайыстарға қатысушылардың тізімі бекітілді

Бүгінгі отырыста ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдеріне тоқталды.

Сондай-ақ, ҚР ОСК Төрағасы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілетін басқа нормаларына тоқталды. Нұрлан Әбдіров қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі нормалар олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң 2023 және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісінше ағымдағы сайлау науқанында қолданылмайтынын ерекше атап көрсетті.

Басты міндет – сайлау органдарының, барлық сайлау инфрақұрылымының 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге 100% дайындығын қамтамасыз ету екенін атап өтіп, комиссия мүшелерінің назарын дауыс беруге арналған үй-жайлардың тек сайлаушылардың өздері үшін ғана емес, сонымен қатар байқаушылар, сенім білдірілген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері т. б. үшін қолжетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Мұнан өзге ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова ҚР ОСК қаулысымен бекітілген Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Регламентті келісетінін және сайлау алдындағы  пікірсайыстарға қатысушылардың тізімін бекітетінін хабарлады.

Регламентке сәйкес Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайыстары мен пікірталастары төрт раундта өткізілетін болады. Әр раундқа сәйкес пікірсайысқа қатысушылар өздерінің сайлау бағдарламасымен сөз сөйлеуге, қарсыластарына сұрақтар қоюға, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ сайлаушыларға үндеу жасауға мүмкіндік алады.

Сайлау алдындағы пікірсайыстар мен пікірталастарға қатысу үшін кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау штабтары ұсынды. Пікірсайысқа қатысушылар:

1) Абден Қарақат Жақсылыққызы

2) Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы

3) Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы

4) Қажыкен Мейрам Зекешұлы

5) Қошанов Ерлан Жақанұлы

6) Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы

Пікірсайыс ағымдағы жылғы 11 қарашада сағат 20.00-де тікелей эфирде өтеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР