2024-04-28 11:20:31
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Рудныйда сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторларына 10 млн айыппұл салынды

Рудныйда сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторларына 10 млн айыппұл салынды

3G/4G технологияларындағы интернетке қосылу сапасы мен қала көшелеріндегі деректерді жүктеу жылдамдығы бойынша бұзушылықтарды жергілікті прокуратура мен облысаралық байланыс инспекциясының қызметкерлері анықтады.

Байланыс операторларына жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

«Қалада ұялы байланыс операторларының нұсқауларды орындау нәтижелері бойынша байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатылды, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды», — деп атап өтті Рудный прокуратурасы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР