2024-04-20 18:02:38
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Құрылыс нысандарының жұмыс барысымен таныстым

Құрылыс нысандарының жұмыс барысымен таныстым

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің бірі оқушы саны көп мектептерге қосымша ғимарат салу.

«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы, Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы және«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Реметов Сабит Аппасұлы Еңбекші ауданына қарасты №46 мектеп-лицейінің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысымен таныстырды.

Құрылысты «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Корпорация Ақ ордасы» айналысып жатыр.
Қазыргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылысшылардың қауіпсіздігі толық сақталған. Келер жылы құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,
қалалық мәслихат депутаты Байкен Аширбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР