2024-04-27 05:48:37
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Құрсайды сапалы ауыз сумен қамту құрылысының 95 пайызы аяқталды

Құрсайды сапалы ауыз сумен қамту құрылысының 95 пайызы аяқталды

Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.

Аталған елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту құрылысы өткен жылы басталған.

1-кезек бойынша, 185,5 шақырым су құбырын тарту құрылысының бүгінде 95 пайызы аяқталды.

Ал, 2-кезек бойынша, 151 шақырым су жүйесін орнату қажет болса, бүгінде оның 94 пайызы тартылды.

Сондай-ақ, Құрсай елді мекеніне су беру мақсатында жоба бойынша 1000 м3-тан 2 дана су жинау резервуарының құрылысы қарастырылған. Резервуардан шыққан ауыз су екі сорғы станциясы арқылы абоненттерге беріледі. Қазіргі таңда, резервуардың қабырғалары құйылуда. Құрылысын желтоқсан айында аяқтап, іске қосу жоспарланған.

Бүгінгі таңда, Құрсай елді мекені тұрғындары ауыз суды кестемен тұтынуда.

Жыл соңында Құрсайдағы 8 336 абонент, яғни 41 680 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

2022 жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталады.

Нәтижесінде, қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98% –дан – 99%-ға өспек.

Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында мемлекеттің инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары сәтті іске асып жатыр. Мәселен, Шымкент қаласы республикалық мәртебе алған 4 жыл ішінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсіеткіші 93 пайыздан 98 пайызға артқан.

Мәселен, Абай ауданына қарасты Арғымақ шағынауданында ауыз су мәселесі бұған дейін өзекті болып келді. Жоспар бойынша 2021 жылы мердігер компания құрылысты бастап, 6,8 шақырымға су құбыры тартылды. 2022 жылғы маусым айынан бастап тұрғын үйлерге су беріле бастады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР