2024-03-29 13:57:53
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысының жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды  Citynews.kz сайты ҚР Президентінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 – Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Шымкент республикалық қала мәртебесіне ие болғаннан бері көптеген оң өзгерістер болды. Атап айтқанда:

    • Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;
    • 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;
    • қала бюджеті 4 есе өсті;
    • қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;
    • аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;
    • соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;
    • соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;
    • инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;
    • жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;
    • Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;
    • қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы жиында алмағайып заманға тап келгенімізді түсіндіріп, көршілес елдерде қарулы қақтығыстар болып жатқанын айтып өтті.

«Осындай аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Біздің халықаралық аренадағы қызметіміздің басты мақсаты – Қазақстанның және халқымыздың мүддесі. Халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының үстемдігі үшін күресеміз. Біз халықаралық қатынастарда әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайтуды аса маңызды деп санаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Президент осы аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Біздің сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады. Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Мұндай сыртқы саясат халқымыздың мүддесіне сай келетініне сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР