2024-04-20 02:36:48
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қариясы бар ел – қазыналы ел

Қариясы бар ел – қазыналы ел

Республиканың үшінші мегаполисінде кезінде елдің дамуына үлес қосқан бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған қазыналы қарияларға ерекше қамқорлық көрсетіледі. Соның бір айғағы ретінде жыл сайын халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шарасын атап өтуге болады.

Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын тауып, қадірменді еңбек ардагерлері ескерусіз қалмады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен халықаралық қарттар күні қарсаңында аға ұрпаққа құрмет көрсетіліп, түрлі сый-сияпаттар жасалды. Осы орайда “Миллионер” мейрамханасында қарттарға мол дастархан жайылып, ерен еңбектері насихатталды.

Сондай-ақ осынау іс-шара барысында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, сахна төрінде ән салған өнерпаздар ардагерлердің көңілін бір серпілтіп тастады. Сонымен бірге барша қария кісілерге қала әкімінің тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мұнан бөлек, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар ардагерге зор құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар жасалды.

Осы ретте шаһар басшысы М.Әйтенов айтулы мерекеде ел үшін еткен еселі еңбектері арқылы тек мегаполис емес, тұтас оңтүстік өңірінің белгілі азаматтарына айналған Исмат Тұрсынқұлұлы, Өстемір Тілегенұлы, Алданазар Құрманбаев, Әбілқасым Досболов, Досыбай Шерімқұловқа “Құрметті ардагер”, Болатхан Ермекбаевқа “Құрметті құрылысшы” атағын берсе, Ұлықпан Башенов, Асылбек Тоқмағанбетов және Бастарбек Байжановты “Құрмет белгісі” төсбелгісімен марапаттады.

Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаюы сіздердің ерен еңбектеріңіз мен қайраткерлік жолындағы жасаған жұмыстарыңыздың нәтижесі. Сонымен бірге бүгінгі біздің жарқын жетістіктеріміз ол мына сіздердің тыным таппай атқарған еңбектеріңіздің жемісі деп білу керек.

«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең» демекші, бабалардың осынау даналығымен өмір сүрген, сонымен биік мақсат-мұрат құрған халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді үлгі тұтудан, кішіге ізет қылудан танбаған. Осы ретте сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР