2024-04-25 07:29:55
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтініш бере аласыз

Қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтініш бере аласыз

Бизнес-идеяларын жүзеге асырып, кәсіп бастаймын деген шымкенттіктер 11 қыркүйектен бастап қайтарымсыз 400 АЕК грант алуға өтініш бере алады.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласылық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.

Өтініштерді «Business.enbek.kz» порталында электронды цифрлы қолтаңба арқылы онлайн режимде қабылдайды екен. Ол жерге еңбек етуге қарсы көрсеткіші жоқ, мүгедектігі бар адамдар; «қандас» мәртебесі бар азаматтар; өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен көп балалы отбасылар және (немесе) олардың жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар; мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар санатындағы азаматтар тапсыра алады. Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

– Үміткерлер ең бастысы бизнес-жоспарды әзірлегенде қаражатты мақсатты жұмсауларын нақты көрсетіп, комиссия отырысында бизнес идеяларын қорғауы қажет. Өйткені, грант тәуелсіз комиссиялардың шешімі негізінде беріледі. Ал, комиссия құрамына қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Олар әр құжатты егжей-тегжей зерделей отырып, әділ шешім қабылдауға тырысады, – деді басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы.

Биыл Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген І және ІІ лектің қорытындысымен 228 азамат грант иегері атанса, 11-22 қыркүйек аралығында өтетін III лекте қалған 219 грант сарапқа салынады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны бір рет қана ала алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР