2024-03-29 15:02:08
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қайнарбұлақтағы инфрақұрылым мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі

Қайнарбұлақтағы инфрақұрылым мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі

Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бүгін шаһар басшысы М.Әйтенов аталған аумақта атқарылып жатқан жұмыс сапасын кезекті рет тексеріп шықты.

“Ескертулер еленбей қалмауы керек. Бірінші кезекте сапаға жіті мән береміз, ал нысандардың мерзімінен кешіктірілмей пайдалануға берілуі — негізгі шарт”,-деді қала әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма жүктей отырып.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда.

Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

Ал табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек.

Елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

Оған қоса, көшелерді жарықтандыру мәселесі де рет-ретімен шешілуде.

Биыл Степная, Бөлешов, №125 мектеп орналасқан көшелер жарықтандырылса, келесі жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская көшелері жарықтандырылатын болады.

Айта кетейік, Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын.

Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Тұрғындардың сұранысы бойынша, қосымша жобадан тыс көше бойына әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда.

Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР