2024-02-21 04:45:13
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Президенттік шырша: «Қош келдің, жаңа жыл!»

Президенттік шырша: «Қош келдің, жаңа жыл!»

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

«Қош келдің, Жаңа жыл!» деп аталған мерекеге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, балғындарды осынау таңғажайып мерекемен құттықтады.

—Құрметті балалар!

Сіздерді еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Жаңа жыл мерекесі құттықтауға рұқсат етіңіздер! Келе жатқан Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға, жаңа белестер мен толағай табыстарға толы болсын. Әр күндеріңіз бір жақсылықпен басталып, бір жеңіспен аяқталсын. Жаңа жылда ұшқыр қиялдарыңыз шыңдалып, ниет-тілектеріңіз орындала берсін.

Осы тамаша мейрам Сіздерге көп қуаныш әкелсін! Келешекте Отанымызды сүйетін үлкен азамат болыңыздар, — деді Ғабит Әбдімәжитұлы.

Мұнан соң Ғабит Сыздықбеков шырша тойына қатысқан балаларға Президент атынан Жаңа жылдық сыйлықтарды тапсырды. Мерекеге келген балалардың барлығы да — оқуда озат атанған, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды жас жеткіншектер.

Президенттік шырша: «Қош келдің, жаңа жыл!»

Шырша тойына қатысқан балалар Жаңа жылдық ғажайыптар еліне саяхаттап, танымал мультфильмдердің және халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысып, олармен ойын ойнады, ән айтып, би биледі.

Сондай-ақ, Аяз ата, Ақшақар, 2024 жылдың символы — айдаһар бастап, танымал мультфильмдердің кейіпкерлері, аниматорлар және балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен хореографиялық және театрландырылған қойылымдар көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР