2024-04-20 04:29:15
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Президент тұрғын үй көлемін арттыруға тапсырма берді

Президент тұрғын үй көлемін арттыруға тапсырма берді

Елімізде баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Шымкент қаласына жасаған іссапарында да осы тақырыпты қозғап, биылғы жылы 1 млн шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға берілетінін, соның нәтижесінде 9 мыңға жуық отбасы үйлі болатынын айтқан еді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықпен кездесуде тұрғын құрылысының қарқыны бәсеңдемеуі тиіс, ең бастысы баспана қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керек. Бұл тұрғыда жергілікті әкімдік Үкіметпен бірге тығыз байланыста жұмыс істеу керек деген болатын.  Осы орайда Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева аптаның әр сәрсенбісі күні азаматтарға жеке қабылдау өткізетінін айтады.

Азаматтардың көпшілігі сол тұрғын үй мәселесі бойынша жеке қабылдауға жазылатындар. Олардың қатарында тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары бар.

Бұдан бөлек тұрғын үй кезегіне тіркелмеген азаматтарға да  барынша заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, құқықтық көмек көрсетіледі. Басқарма басшысы мәлімдегендей, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңының    67,74 — баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан баспаналар белгіленген тәртіппен кезек реті арқылы беріледі.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде бүгінгі таңда 49 840 азамат тіркелген.  Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1 874, көпбалалы отбасылар – 10 358, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 260, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 20 322, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 26 адамды құрайды.

2022  жылы жалпы саны   1605 азаматты сатып ал құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделсе, жыл басынан бері  423 азамат арендалық тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 211 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 31 пәтер жетім балаларға, 86 пәтер көпбалалы отбасыларға, 95  пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР