2024-11-02 10:16:10
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

“Полициядағы бір күн” жобасы еліміздің өңірлерінде белсенді енгізіліп жатыр

“Полициядағы бір күн” жобасы еліміздің өңірлерінде белсенді енгізіліп жатыр

Жоба Алматы академиясы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментімен және GIZ (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен) бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

“Полициядағы бір күн” Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында полиция департаментінің базасында өткізілді. Негізгі мақсаты – полиция мен жастар арасындағы серіктестік, сондай-ақ жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қатысушылары негізінен жастар болды: өңірдегі Қазақстан халықтары ассамблеясының белсенділері мен еріктілері, полиция жұмысымен танысып, өздерін полиция қызметкері ретінде сынап көрді.

Тренингтің басында қатысушыларға полиция қызметі бойынша экскурсиялар өткізілді. Мұражайды аралап, жедел басқару орталығының жұмысымен, мобильді зертханамен, тергеу, патрульдік, кинологиялық және басқа да қызметтердің жұмыс ерекшеліктерімен танысты.

Жастар арасында полицияның сервистік моделіне арналған кибер алаяқтықтың, нашақорлық пен экстремизмнің алдын алуға арналған тренингтер өткізілді. Патрульдік қызметпен таныса отырып, балалар атқа мініп қана қойған жоқ, атты полиция қызметі жұмысының ауырлығын бастан өткерді.

Кепілге алынған адамдарды босату кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жұмысын сезінді. Шара соңында жастар қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР