2024-04-19 19:06:44
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ордабасы ауданының әлеуеті зор

Ордабасы ауданының әлеуеті зор

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен ірі қара мал басын бордақылау бағытындағы жеке жобаларды қаржыландыру және агро кооперация құру арқылы жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша жиын өтті.

Оған “Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Ақылжан Сарыбай, «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның Түркістан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Азат Муйтембаев, Түркістан облысы ауылшаруашылығы басқармасының инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің бас маманы Лаура Мамытова, “Несие серіктестігі» «Агронесие Ордабасы» ЖШС-нің несие маманы Ысқақ Сұлтанбек, “Несие серіктестігі” “Төрткүл несие” ЖШС-нің басшысы Өмірбай Күнболат, “Атамекен» ҰКП директоры Бердімұрат Сейдахмет, “Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Зарина Ажедин, ауыл округтердің әкімдері, тиісті бөлім басшылары, ауданның кәсіпкерлері қатысты.

Жиында аудан басшысы сөз сөйлеп, ауылшаруашылығы саласын, оның ішінде етті бағытта ірі қара мал бордақылау бағытын мейлінше дамытуға ауданның әлеуеті зор екенін, географиялық орналасуында ұтымды тұстардың көп екенін (Шымкент қаласы мен бірнеше ауданмен шектеседі) жеткізді.

Ордабасы ауданының әлеуеті зор

Сондай-ақ ауданның кәсіпкерлері тарапынан мал бордақылау және т.б. бизнес идеяларға толыққанды қолдау көрсетілетіндігін айтты.

Өз кезегінде несие корпорациялары мен серіктестіктердің, палатаның өкілдері кәсіпкерлерге микро несие беру, бизнес жоспарларды сүйемелдеу тәртібін кеңінен түсіндіріп, кәсіп бастауға ниетті шаруаларға түрлі жеңілдіктердің қарастырылатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР