2024-04-28 01:05:35
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Өңірдің дамуына өз үлесіңді қос!

Өңірдің дамуына өз үлесіңді қос!

Шымкент қаласы бойынша кадрлық комиссиясы Шымкент қаласының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: shymkent@onir.pkrezerv.gov.kz  Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 3А

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің shymkent.onir.rezerv_kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында elgeqyzmet.shymkent және келесі телефондар арқылы: 8(7252) 53 60 67, 8701 743 17 62 алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР