2024-03-28 17:09:47
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Nur Otan» партиясының жол картасы аясында, кәріз жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

«Nur Otan» партиясының жол картасы аясында, кәріз жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

84,4 шақырым кәріз жүйесін салу Қазіргі таңда «КазахСантехжобалау» ЖШС-і жобалаушы мекмесімен 37 шақырым кәріз жүйесінің жобасы әзірленуде. Орындалған жұмыс көлемі 95 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында сараптама қарауына ұсынылып, 2022 жылдың наурыз айында сараптаманың оң қорытындысын алып бюджеттік өтінімге ұсыну жоспарда.

Тәулігіне қуаты 50 мың текше метрлік және 20 мың текше метрлік 2 тазарту қондырғысының құрылысы Шымкент қаласында қуаттылығы 60 және 150 мың м3/тәулігіне кәріз тазалау имаратының құрылыс нысандарының ауқымды болуына байланысты 3 кезеңмен жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Жоба ауқымды болуына байланысты №1-ші кәріз тазалау имаратының – қуаттылығы 150 мың м3/ тәу. 3 кезеңмен, яғни 50 мың м3/ тәу.

Сонымен қатар, №2-ші кәріз тазалау имаратының 60 мың м3/ тәу. 3 кезеңмен, яғни 20 мың м3/ тәу жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған.
Кәріз тазарту имараттарының құрылысын қаржыландыру мәселесі талқыланып, қала әкімдігінің шешімімен жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) есебінен қаржыландырып, құрылысын бастау қабылданды.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында әзірленудегі техника-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалаушы мекемемен басқарма арасында келісімшарт түзілуде.

100 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекенді қамтитын Арғынбеков – Жібек жолы магистралды кәріз жүйесінің құрылысыАрғынбекова-Жібек Жолы кәріз коллекорының құрылысыбойынша жобалаушы мекеме — «Казахский Водоканал Проект» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 20 жылы сараптама қорытындысы алынды. 2020 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге үшін бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме — «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуде.

​Аталған құрылыс нысаны 2021 жылы толығымен аяқталып пйдалануға берілетінін хабарлаймын.

Үйлерді кәріз жүйесіне қосу 65% — ға дейін артады, 695 мың адам кәріз жүйесін пайдалана алады. Ағымдағы жылы 2 шағын ауданның және 2 магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 18 мың адам кәріз жүйесіне қосылады.
3 елді мекен: Самал-1, Наурыз және Тұран КНС, Арғынбеков коллектор
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 52,3%-дан, 54%-ға өседі.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Байкен Аширбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР